Польшада дүлей дауылдан бес адам қайтыс болды

0
520

Синоптиктер, жақын күндері тағы да дауыл соғатынын айтып, тұрғындарға мейлінше сақ болуды ескертеді.


Польшада дүлей дауылдан бес адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қолайсыз ауа-райы еуропалықтарды да әбігерге салды. Францияда су тасқынынан 200 адам оқшауланса, Польшада дүлей дауылдан 5 адам қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққан желдің кесірінен ағаштар автокөліктерге құлап, көліктің ішіндегі жолаушылар ауруханаға жетпей жан тапсырды.

Ауа-райының қолайсыздығынан Польшаның Оңтүстігіндегі елді-мекендерде саябақтар, тау-шаңғы кешендері жабылды.

Синоптиктер, жақын күндері тағы да дауыл соғатынын айтып, тұрғындарға мейлінше сақ болуды ескертеді.