Польшада үлкендігі тауық жұмыртқасындай бұршақ жауды

0
2 921

Польша тұрғындары әлеуметтік желіде үлкендігі тауық жұмыртқасындай болатын бұршақ жауғандығы туралы айтып, суреттерін салуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Польшада үлкендігі тауық жұмыртқасындай бұршақ жауды

Польша тұрғындары әлеуметтік желіде үлкендігі тауық жұмыртқасындай болатын бұршақ жауғандығы туралы айтып, суреттерін салуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ 5-tv.ru-ға сілтеме жасап.

Аталмыш канал мұның алдында 30 сәуір күндері жауын-шашын болатындығын хабарлаған болатын. Жергілікті тұрғындар ауа райының мұндай ерекше құбылысына таңғалып, әлеуметтік желіге бұршақ суреттерін жарыса салған. Бір суретте қорқынышты кейіптегі қою қара бұлттың қала үстіне үйірілгендігін байқауға болады.

Бірақ мұндай жауын-шашын қай қалада болғандығы айтылмаған.