Польшаның қару-жарақ зауытында алапат жарылыс болды (видео)

0
578

​Крупски Млин қаласындағы жарылғыш заттар зауытында жойқын жарылыс болды. Әзірге жиналу орталығына келмеген екі қызметкер іздестірілуде.


Польшаның қару-жарақ зауытында алапат жарылыс болды (видео)

ERNUR.KZ. Оқиғаның себебі мен мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр, деп жазады Экспресс К.

Силезия воеводствосындағы Крупски Млин қаласында орналасқан Nitroerg жарылғыш заттар зауытында шамамен 17:00 кезінде қатты жарылыс болды. Жарылыс зауыт аумағындағы ғимараттардың бірін түгін қалдырмай қиратып кеткен. Куәгерлердің айтуынша дүмпу бірнеше шақырым жерге естілген.

Жарылыстың қатты болғаны соншалық, 20 шақырым жерде орналасқан Кохановице елді мекеніндегі үйлердің терезелер дірілдеп кеткен.


Жарылыс 800 келі нитроглицеринді араластыру кезінде болуы мүмкін, деп мәлімдейді жергілікті өрт сөндіру қызметі.

Оқиға орнына 30 өрт сөндіру бригадасы мен ізкесуші иттер аттандырылған.


Жарылыстың себеп-салдарын компания басқармасы тағайындаған арнайы комиссия нақтылайды.