​Португалияда саяхатшылар мінген автобус апатқа ұшырады

0
929

Оғиға Канису мекенінің маңында жергілікті уақытпен кешкі сағат алтылар шамасында орын алды.


​Португалияда саяхатшылар мінген автобус апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Португалияның Мадейра аралында саяхатшылар мінген автобус апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz.

Тағы 22 жолаушы жарақат алды. Опат болғандардың арасында 17 әйел бар. Оғиға Канису мекенінің маңында жергілікті уақытпен кешкі сағат алтылар шамасында орын алды. Алдын ала мәліметке қарағанда, жүргізуші қиылыста көлікті басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Оқиға кезінде автобуста 55 жолаушы болған. Олардың барлығы дерлік Германия азаматы деген ақпар бар. Қазір тергеу жүріп жатыр.