Пойыз апатынан 20-ға жуық жолаушы қаза тапты

0
1 054

​Мысырдың Бохейра провинциясында екі пойыз соқтығысып, 19 адам қаза тапты,-деп хабарлайды 24.KZ.


Пойыз апатынан 20-ға жуық жолаушы қаза тапты

Мысырдың Бохейра провинциясында екі пойыз соқтығысып, 19 адам қаза тапты,-деп хабарлайды 24.KZ.

40-қа жуығы жараланған. Қолда бар мәліметке қарағанда, Әбу-эль-Хави станциясында жолаушылар мінген екі вагон пойыз құрамынан ажырап кетеді. Сөйтіп қарсы бағытта келе жатқан жүк пойызымен соқтығысады. Елдің көлік министрі оқиға орнына аттанды. Қазір апат болған жерде құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жапа шеккендер жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, құрбандар саны әлі артуы мүмкін.