Премьер-министр жемқорлар үшін ең ауыр жазаны атады

0
1 262

Жемқорларды түрмеге отырғызу керек, мерзімі қылмысының ауырлығына байланысты болуы тиіс.


Премьер-министр жемқорлар үшін ең ауыр жазаны атады

фото: www.theribofbrown.com

ERNUR.KZ. Малайзия үкіметінің басшысы Махатхир Мохамад жемқорларды өлім жазасына кесуге болмайды деп есептейді. Олар үшін ең ауыр жаза – түрме екенін айтты, деп жазады Today.kz.

"Жемқорларды түрмеге отырғызу керек, мерзімі қылмысының ауырлығына байланысты болуы тиіс. Бірақ біз осы әрекеті үшін өлім жазасы тағайындалатындай деңгейге жеткен жоқпыз", – деді Мохамад.

Оның сөзінше "жемқорларды атып өлтіру тәжірибесі бар елдерде бұл мәселе түбегейлі шешілмеген".

93 жастағы Махатхир Мохамад премьер-министр қызметіне 2018 жылдың мамырында кіріскен. Ол парламент сайлауында жеңіске жетті.

Бұдан кейін ол үкіметтің бұрынғы басшысы Наджиб Разақты түрмеге отырғызуға тырысып жатқанын мәлімдеді. Наджиб Разақ 700 миллион АҚШ долларын қолды қылып, қаржылай террористік әрекетке барған. Ол 45 жылға сотталуы мүмкін.