Премьер-министрден бастап әкімге дейін тойға баруына тыйым салынады

0
2 184

​Өзбекстан президенті селекторлық мәжілісте мемлекеттік қызметкерлердің тойға баруына тыйым салынатынын айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ozodlik.org-ке сілтеме жасап.


Премьер-министрден бастап әкімге дейін тойға баруына тыйым салынады

Өзбекстан президенті селекторлық мәжілісте мемлекеттік қызметкерлердің тойға баруына тыйым салынатынын айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ozodlik.org-ке сілтеме жасап.

Шавкат Мирзиеев мемлекеттік қызметкерлерді коррупцияға тартатын фактордың бірі ретінде той-томалақ екенін айтып, елде әділдік орнататын уақыт келгенін тілге тиек етті.

- Ертең жаңа заң шығады. Премьер-министрден бастап, әкімдер, атқарушы орган өкілдерінен бастап той–думанға баруға тыйым салынады. Шайханаларда үкімет көлігін көрген сәтте, олар жұмыстан қуылады және жазаланады. Бірде бір басшы, менімен қоса, туылған күнін де, тойын да жасамайды. Қазір мұндай жағдайлар қарапайым халықтың ашуына себеп болып жатыр. Той томалақтың бәрі бастықтарсыз болуы тиіс. Премьер-министр өз өкілдерімен барғанда, барлығы тік тұрады... мысалға сол 20 келі еттің орнына аз қамтылған отбасылардың үйін бояуға ақша бер, үйіне теледидар алып бер! Менде де мұндай жағдай болған, бәріміз керіліп министерлер көлігімен барғанда, жұрт қошемет үшін иіліп тұратын. Бас прокуратура, мұндай кімге жарасады? - деген Мирзияев жақын арада қабылданатын заңда той мерекелерге шақырылатын қонақтар санын қатаң белгіленетінін айта кетті.

Сондай-ақ Мирзиёев бұл заңды президент емес сенат қабылдайтынын білдірді.

Өзбекстан мемлекет басшысы қазір Ташкент қаласында қыз ұзату тойы өте қымбатқа түсетінін және мұндай тойдың ешкімге қажеті жоқтығын да айтып өтті.