Президенттер құймақ пісіріп жарысты

0
1 298

Ресей президенті Си Цзиньпиннің құймағы жақсырақ шыққанын атап өтті.


ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин мен оның қытай әріптесі Си Цзиньпин құймақ пісіріп, аспаздық шеберліктерін сынап көрді. Кімнің құймағы жақсы шыққанын видеодан тамашалаңыз, деп жазады sputniknews.kz.

Ресей мен Қытайдың мемлекет басшылары Русский аралында 11-13 қыркүйекте өтіп жатқан төртінші Шығыс экономикалық форумында жүр.

Форум аясында "Қиыр Шығыс көшелері" атты көрме өтуде, ол жерде президенттерге алжапқыш тағып, құймақ пісіріп көруге ұсыныс жасалды.

Путин Си Цзиньпиннің құймағы жақсырақ шыққанын атап өтті. Ал құймақтың салмасына қос саясаткер де қара және қызыл уылдырықты таңдады.