Психикалық аурудан емделмек болған ер адамның кеудесі өсіп кетті

0
1 265

Шизофрения мен биполярлық бұзылуға қарсы «Риспердал» препаратын қабылдаған.


Психикалық аурудан емделмек болған ер адамның кеудесі өсіп кетті

ERNUR.KZ. Филадельфия соты америкалық Johnson&Johnson компаниясынан Николас Мюррейге 8 миллиард доллар көлемінде өтемақы төлеп беруді талап етті. Ер адам аталған компанияның антипсихикалық препаратын қабылдағаннан кейін жанама әсер берген, деп жазады stan.kz.

Мюррей өз шағымында бала күнінде өзіне шизофрения мен биполярлық бұзылуға қарсы «Риспердал» препаратын қабылдауға кеңес берілгенін жазған. Аталған дәріні қабылдағаннан кейін, ер адамның организмінде эндокриндік бұзылулар орын алып, салдарынан омырау бездері үлкейіпті.

Өткен жылдың қаңтар айында Филадельфияның огругтік соты Тимоти Стэндждің Johnson & Johnson корпорациясының құрамына кіретін Janssen Pharmaceuticals компаниясының үстінен жазған шағымын қараған еді. Туретт синдромынан зардап шегетін Сстэнджге 12 жасында «Риспердал» препараты тағайындалған. Бұл дәріні ішкеннен кейін оның да омырау бездері үлкейіп кеткен.

Ол үлкейген кеудесінен арылу үшін ота жасатуға мәжбүр болыпты. 2015 жылы сот өндіруші компанияны Стэнджге өтемақы төлеуге міндеттеген еді.