Путин ауыр қылмыс жасағандарды азаматтықтан айыруды ұсынды

0
543

Ресей президенті Владимир Путин "Ресей азаматтығы туралы" жаңа заңды Мемлекеттік дума қарауына жіберді.


Путин ауыр қылмыс жасағандарды азаматтықтан айыруды ұсынды

ERNUR.KZ. Онда мемлекет басшысы Ресей азаматтығын алу және азаматтықтан айыру шарттарын өзгертуді ұсынған. Заңның мәтіні Мемлекеттік думаның электронды базасында жарияланды, деп жазады centralasian.org.

Путин терроризм, есірткі саудасы және мемлекетке сатқындық жасау сияқты ауыр қылмыс жасағандарды азаматтықтан айыруды ұсынған. Ол ІІМ-ге Ресей азаматтығынан айыру өкілетін беруді ұсынды.

Заңда Ресей азаматтығын жеңілдікпен алу жағы да қарастырылған. Мұндай жеңілдікке 20 категорияға кіретін азаматтар ие бола алады: бұрынғы СССР республикасының азаматтары мен олардың балалары, туыстары Ресей аумағында тұратын шетел азаматтары, Ресей немесе Совет одағында тұрақты тұрып келген азаматтардың үрім-бұтағы және тағы басқалар.

Азаматтықты жеңілдікпен алуға құқығы бар азаматтардың мәселесін шешу бойынша Ресей президентінің өкілеті кеңейтілген. Мемлекет басшысы кез келген мақсатта мұндай категорияға кіретін азаматтарды қоса алады. Ресей президенті сонымен бірге шетел азаматтарының қамқорындағы балаларды азаматтықтан айыру мүмкіндігіне ие болады.