Путин Бішкекке ТМД саммитіне келді

0
525

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанға іс-сапармен келді.


Путин Бішкекке ТМД саммитіне келді

ERNUR.KZ. Ол ТМД-дағы әріптестерімен кездесіп, Канттағы Ресей авиабазасының 20 жылдығына арналған іс-шараға қатысады, деп жазады inbusiness.kz.

Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметі хабарлағандай, ТМД саммиті Бішкекте 13 қазанда Қырғызстан көшбасшысы Садыр Жапаровтың төрағалығымен өтеді.

Бейсенбіде Путиннің қырғыз әріптесімен жеке келіссөздері жоспарланған. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде әскери-техникалық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға ниетті.

Сондай-ақ, бұл күні Президенттер Канттағы Ресей авиабазасының 20 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады.

Сонымен қатар, Путин іс-сапар аясында ТМД-дағы әріптестерімен бірқатар жеке кездесулер өткізеді. Бейсенбіде оның Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесуі өтеді. Көшбасшылар Таулы Қарабақ пен ондағы Ресей бітімгершілерінің айналасындағы жағдайды, сондай-ақ Қарабақ армяндарының тұрғылықты жерлеріне оралуын талқылауды жоспарлап отыр.

Жұма күні Ресей Президенті Тәжікстан көшбасшысы Эмомали Рахмонмен кездеседі — өңірлік қауіпсіздік және республикадағы Ресей базасының жұмыс істеуі мәселелері талқыланады.