Путин кешке қарай мейрамхана мен клубтарды жабуды бұйырды

0
507

Сонымен бірге қоғамдық орындарға азаматтар QR-кодпен ғана кіре алатын болады.


Путин кешке қарай мейрамхана мен клубтарды жабуды бұйырды

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин аймақ басшыларына 23:00-ден таңғы 6:00-ға дейін мейрамханалар мен түнгі клубтарды жабуды бұйырды, деп жазады centralasian.org.

Ақпаратқа қарағанда, бұдан бөлек COVID-19 вирусына қарсы вакцина алмаған жасы 60-тан асқан азаматтарды бір ай көлемінде онлайн жұмыс істеуге міндеттеген.

Сонымен бірге қоғамдық орындарға азаматтар QR-кодпен ғана кіре алатын болады.

Аймақ басшылары бұл шаралар бойынша алғашқы баяндамасын президентке 30 қарашада дайындауы тиіс. Одан әрі олар ай сайын мәлімет беріп отырады.

20 қазанда Владимир Путин 30 қазаннан 7 қарашаға дейін карантин жариялап, жергілікті билікке эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзартуды не қысқарту мүмкіндігін берген.

Ресейде қыркүйек айының соңынан бері коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп, көз жұмғандар саны артып жатыр. 19 қазаннан бері індеттен бір мыңнан астам адам қайтыс болған.