Путин Ким Чен Ынды "Восточный" ғарыш айлағында күтіп алды

0
655


Путин Ким Чен Ынды

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин"Восточный" ғарыш айлағына келіп жеткен КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кездесті, деп жазады zakon.kz.

Кездесу салтанаты Бірыңғай техникалық кешеннің зымыран тасығыштарын монтаждау және сынау корпусының бас кіреберісінде өтті.

Кездесу барысында Кремль басшысы Ким Чен Ыннан қалай жеткенін сұрады. Солтүстік Корея басшысы Путинге жылы қабылдағаны үшін алғысын айтты.

Мемлекет басшылары "Восточный" ғарыш айлағын аралап, келіссөздер жүргізеді.