Путин Ресейде ішінара мобилизация жариялады

0
425

Ресейдегі ішінара мобилизация шаралары 21 қыркүйекте басталады.


Путин Ресейде ішінара мобилизация жариялады

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизация туралы жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мен Ресей Федерациясында ішінара мобилизация туралы ұсынысты қолдау қажет деп санаймын", - деді Путин үндеуінде.

Сондай-ақ, ол тиісті жарлыққа қол қойғанын айтты. Ресейдегі ішінара мобилизация шаралары 21 қыркүйекте басталады.