Рада Украина парламентінің депутаттарын мобилизациялауды қолдады

0
425

Желтоқсан айында Зеленский кеңсесінің сайтында украин депутаттары мен шенеуніктерін мобилизациялауды талап еткен тағы бір петиция пайда болды.


Рада Украина парламентінің депутаттарын мобилизациялауды қолдады

ERNUR.KZ. Украина Жоғарғы радасының депутаты Михаил Цымбалюк кейбір парламентарийлерді мобилизациялауға рұқсат беруді әділетті деп санайды. Бұған дейін Украина парламентінің депутаты Александр Дубинский депутаттар мен шенеуніктерді мобилизациялау туралы петицияны тіркеген, деп жазады sputnik.kz.

Желтоқсан айының басында ол Владимир Зеленскийдің қарауына қажетті 25 мың дауыс жинады. Желтоқсан айында Зеленский кеңсесінің сайтында украин депутаттары мен шенеуніктерін мобилизациялауды талап еткен тағы бір петиция пайда болды.
"Украинаның халық депутаттарын да мобилизациялау керек. Бұл менің ұстанымым, талқылаулар жалғасуда. Бұрынғы шақырылым депутаттары да қолданыстағы заңнамаға сәйкес мобилизацияланады. Олар алдыңғы заңнама бойынша мұндайдан босатылған. Қазіргі Раданы қалай сақтау керектігі туралы норма әзірлеу керек", - деген Цымбалюктің сөзін келтірді украиналық "Эспрессо" телеарнасы.
Ол заңдарды қабылдау және конституциялық көпшілікті сақтау үшін Радада 300 депутат қалуы керектігін, қазір олардың саны 400-ге жуық екенін айтты.
"Егер мобилизациялауға жатпайтындарды, яғни, әйелдер, көп балалы ер адамдар, 60 жастан асқандарды алып тастасақ, онда жүзге жуық халық қалаулысын мобилизациялауға болады", - деді Цымбалюк.
Еске сала кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында Украина қарулы күштерінің Бас штабы қосымша 450-500 мың адамды әскерге мобилизациялау туралы өтінішпен жүгінгенін айтты. Желтоқсанның соңында Украина үкіметі парламентке мобилизациялау туралы заң жобасын ұсынды.
Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізілді. Келесі күні Зеленский жалпыға ортақ мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Соғыс жағдайы кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың Украинадан шығуына тыйым салынған.