Ресей әлемдегі тұңғыш коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді

0
476

Путиннің сөзінше, әлемдегі тұңғыш вакцина барлық қажетті сынақтар мен тексерулерден өткен.


Ресей әлемдегі тұңғыш коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді

ERNUR.KZ. Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді, деп мәлімдеді Владимир Путин, деп жазады zakon.kz.

"Ресей әлемдегі тұңғыш коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді. Менің білуімше, вакцина бүгін таңертең тіркелді, жаңа коронавирустық инфекцияға қарсы әлемдегі тұңғыш вакцина тіркеліп отыр", - деді ол үкімет мүшелерімен өткізген кеңес барысында.

Путиннің сөзінше, бұл вакцина айтарлықтай тиімді әсер береді, тұрақты иммунитет қалыптастырады және барлық қажетті сынақтар мен тексерулерден өткен.