Ресей армиясының "Юг" әскер тобы алты шабуылға тойтарыс берді

0
883

"Юг" әскер тобының шабуылы нәтижесінде Украина қарулы күштері бір танк, жаяу әскерге арналған жауынгерлік машина, екі автомобиль және 152 миллиметрлі 2А65 "МСТА-Б" гаубицасынан айырылды.


Ресей армиясының

ERNUR.KZ. Донецк бағытында оңтүстік әскер тобының бөлімшелері артиллериялық және ауыр огнемет жүйелерінің қолдауымен Клещеевка, Шумы және Марьинка елді мекендері аудандарында 24-ші механикаландырылған, 5-ші шабуылдау және 95-ші десанттық-шабуылдау бригадаларының шабуылдау топтарының алты шабуылына тойтарыс берді. Бұл туралы "Юг" тобының баспасөз орталығының жетекшісі Вадим Астафьев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, украин армиясының Андреевка, Васюковка, Раздоловка, Богдановка, Артемовск, Красное, Курдюмовка және Клещеевка елді мекендері ауданында 112, 114 және 241-ші аумақтық қорғаныс бригадаларының, 28, 30-шы механикаландырылған бригадаларының шоғырланған орындарына шабуыл жасалды.
Осы операциялардың нәтижесінде Украина қарулы күштері бір танк, жаяу әскерге арналған жауынгерлік машина, екі автомобиль және 152 миллиметрлі 2А65 "МСТА-Б" гаубицасынан айырылды.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс және электронды күрес бөлімшелері Донецк халық республикасының Пески, Яковлевка, Спорное, Ольгинка, Доломитное, Верхнеторецкое, Марьинка, Луганск халық республикасының Золотаревка, Белогоровка елді мекендері аудандарында қарсы тараптың пилотсыз ұшу аппараттарын атып түсірді.
Оңтүстік Донецк бағытында "Восток" әскер тобының бөлімшелері артиллериялық қолдау арқылы Новомихайловка ауданында украиналықтардың қарсы шабуылына тойтарыс берді. Бұл туралы әскер тобының баспасөз орталығының жетекшісі Олег Чехов хабарлады.
"Старомайорск, Равнополь және Червоное аудандарында Украина қарулы күштерінің бөлімшелерін ротациялаудың алты әрекеті тоқтатылды. Украина қарулы күштерінің техникасы, "Краб" өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысы және бес миномет есептобы қиратылды", - деді ол.
Жедел-тактикалық және армиялық авиация, зымыран күштері мен артиллерия арқылы Украина Қарулы Күштерінің Донецк Халық Республикасының Новомихайловка, Константиновка, Угледар, Новодонецкое, Урожайное және Старомайорское елді мекендері ауданында 72-ші механикаландырылған, 79-шы десанттық-шабуылдау, 58-ші мотомеханикаландырылған, 127-ші аумақтық бригадалары қиратылды.