Ресей Әскери-теңіз флоты терең су асты құрылғысында 14 теңізші-сүңгуір қаза тапты

0
1 258

14 теңізші-сүңгуір жанған заттардан уланып, қаза тапқан.


Ресей Әскери-теңіз флоты терең су асты құрылғысында 14 теңізші-сүңгуір қаза тапты

ERNUR.KZ. Ресей Әскери-теңіз флоты терең су асты құрылғысында 14 теңізші-сүңгуір қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

«1 шілдеде Ресей аумағындағы теңізде Ресей Әскери-теңіз флоты мүддесінде Әлемдік мұхит тұңғиығы мен су асты кеңістігін зерттеуге арналған терең су асты ғылыми-зерттеу құрылғысында биометрикалық өлшеу жүргізу барысында өрт шықты», - деп хабарлады РФ Қорғаныс министрлігі.

14 теңізші-сүңгуір жанған заттардан уланып, қаза тапқан. Тергеуді Әскери-теңіз флоты бас қолбасшысы өз бақылауына алған, деді РФ Қорғаныс министрлігінен.

«Команданың жедел әрекет етуінің арқасында өрт ошағы ауыздықталды. Суасты құрылғысы Североморск әскери-теңіз базасында», - делінген хабарламада.