Ресей Ауғанстаннан консулдық қызметкерлерін алып кетіп жатыр

0
455

Ресейдің Кабулдағы елшісі Дмитрий Жирнов хабарлағандай, Мазари-Шарифтегі бас консулдық уақытша жабылған, себебі ол қалада және айналасындағы ахуал тыныш емес.


Ресей Ауғанстаннан консулдық қызметкерлерін алып кетіп жатыр

ERNUR.KZ. Ауғанстанның Хайратон қаласында уақытша істеп жатқан Мазари-Шарифтегі Ресей консулдығының дипломаттары Өзбекстанға көшірілді, деп жазады azattyq.org.

Ресейдің Кабулдағы елшісі Дмитрий Жирнов хабарлағандай, Мазари-Шарифтегі бас консулдық уақытша жабылған, себебі ол қалада және айналасындағы ахуал тыныш емес. Дипломаттар азаматтарды Хайратон қаласында қабылдап жатқан.

Жирновтың айтуынша, "Талибан" қозғалысы Ауғанстанның бірқатар жерлерін басып алғанына қарамастан, бірде-бір ірі қала, оның ішінде Мазари-Шариф содырлардың бақылауына өткен жоқ.

Мазари-Шариф – Ауғанстандағы төртінші ірі қала. Балх провинциясының солтүстік бөлігінде жайғасқан және Ауғанстанның Термез қаласынан 58 шақырым қашықтықта орналасқан.

"Талибан" қозғалысы 9 шілдеде Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Орталық Азия елдерінің шекарасына тиіспейтінін айтқан.