Ресей Федерациясында запаста болудың шекті жасы 5 жылға көтерілді

0
717

Владимир Путин запастағы шекті жасты 5 жылға арттыру туралы Заңға қол қойды.


Ресей Федерациясында запаста болудың шекті жасы 5 жылға көтерілді

ERNUR.KZ. Жаңа заңнама кіші және офицерлік шендерге де әсер етеді. Қорғаныс министрлігімен алғашқы келісімшарт жасасу үшін де шекті жас өсті. Тиісті құжат Құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Әскери міндет және әскери қызмет туралы" заңға түзетулер 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Шекті жастың артуы сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер мен мичмандар атағы бар ресейліктерге қатысты болады. Бірінші санатқа жататындар үшін шекті жас 35 жастан 40 жасқа дейін, екіншісі 45 жастан 50 жасқа дейін, үшіншісі 50 жастан 55 жасқа дейін ұлғайтылды.

Аға офицерлер үшін жұмылдыру резервінде болудың шекті жасы 60-тан 65 жасқа дейін, кіші офицерлер үшін — 55-тен 60 жасқа дейін көтерілді. Жоғары офицерлер (генералдар) үшін шекті жас өзгерген жоқ — 70 жас деңгейінде қалды.

Түзетулер сонымен қатар Қорғаныс министрлігімен алғашқы келісімшарт жасасу шекті жасына қатысты болды. Яғн қазір аға офицерлер үшін 52 жаста, ал кіші офицерлер үшін 47 жас болса, жаңа нормаларға сәйкес ведомствомен алғашқы келісімшартты тиісінше 62 жыл және 57 жылда жасауға болады.

Сонымен қатар, егер шетелдік азаматтардың қызметі мемлекеттік құпиямен байланысты болмаса, резервте болу туралы келісім жасасуға рұқсат берілді.