Ресей қорғаныс министрлігі Украинадан тағы 17 қазақстандықтың эвакуацияланғанын хабарлады

0
836

Мизинцевтің айтуынша, өткен тәулікте Украинадан Ресейге 14 397 адам эвакуацияланған.


Ресей қорғаныс министрлігі Украинадан тағы 17 қазақстандықтың эвакуацияланғанын хабарлады

ERNUR.KZ. Украина аумағынан бір тәулікте 14 мың адам эвакуацияланды, оның ішінде 2,8 мың бала бар, деп хабарлады Ресейдің қорғанысты басқару ұлттық орталығының басшысы Михаил Мизинцев, деп жазады sputnik.kz.

Мизинцевтің айтуынша, өткен тәулікте Украинадан Ресейге 14 397 адам эвакуацияланған. Оның ішінде шетелдіктер де бар. Тоғыз мемлекеттің 181 азаматы Қырымға жеткізілген: 32 – Нигерия азаматы, 23 – Өзбекстан, 17 – Қазақстан, 7 - Ливан, 6 - Шри-Ланка, 4 – Пәкістан және Сербия мен Тунистің бір азаматы, сонымен қатар Украинаның 90 азаматы.

Украинадан қанша қазақстандық елге оралды

Қазіргі уақытта Украинадан Қазақстанға репатриациялық рейспен 836 адам келді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Катовице қаласында (Польша) және украин-польша шекарасындағы кезекте қазақстандықтар жоқ. Харьковтағы эвакуация бекетінде үш қазақстандық бар, ал Сумы қаласында бір адам күтіп отыр.
Бұған дейін дипломаттар Мариупольде 18 қазақстандық қалғанын, интернет пен байланыс жоқтығынан олардың жағдайын білуге мүмкіндік болмай отырғанын хабарлаған еді.
Sputnik Қазақстан редакциясы 18 наурызда эвакуцияланған отандастар туралы толық ақпарат алу үшін сыртқы істер министрлігіне сұрау жолдады.