Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайды озды

0
555

Соңғы тәулікте Ресейде 6198 адамнан инфекция анықталды.


Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайды озды

ERNUR.KZ. Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Қытайда COVID-19 індетінің тараулы басталғалы бері 83 912 адам вирус жұқтырған. Ал Ресейде - 87 147 оқиға тіркелген.

Соңғы тәулікте Ресейде 6198 адамнан инфекция анықталды. Бұл елдегі антирекорд. Ал Қытайда осы уақытта үш оқиға тіркелген.

Ресейде коронавирустан барлығы 794 адам қайтыс болды, ал Қытайда 4637 адам.