Ресей мен Беларусь спортшылары 2032 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады

0
449

Ресей мен Беларусь спортшылары 2032 жылы Брисбенде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алады.


Ресей мен Беларусь спортшылары 2032 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Австралия Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Мэтт Кэрролл мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Спортшылар бұған еш қатысы жоқ. Біздің ұстанымымыз Халықаралық Олимпиада комитетінің ұстанымымен сәйкес келеді. 1980 жылғы Олимпиадада біраз елдер ойындардан аластатылғаны естеріңізде ме? Кейін Австралияның премьер-министрі өз шешімінің қате болғанын мойындады емес пе", — деді ол.

Оның айтуынша, Ресей мен Беларусь спортшыларының Брисбендегі Олимпиадаға қатысуы әлемнің бірігуіне ықпал етеді