Ресей палестиналық-израильдік қақтығысты реттеуде делдал болуға дайын – Путин

0
562

Путин Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуін АҚШ-тың сәтсіз саясатының салдары деп санайтынын айтты.


Ресей палестиналық-израильдік қақтығысты реттеуде делдал болуға дайын – Путин

ERNUR.KZ. Ресей Палестина мен Израиль арасындағы шиеленісті реттеуде делдал болуға дайын, деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин Бішкекте өтіп жатқан ТМД саммитінде, деп жазады sputnik.kz.

"Бейбіт тұрғындар арасындағы өлімге жол берілмеуі керек. Қазір ең бастысы қантөгісті тоқтату", - деді ол.
Ресей президенті қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ұмтылу керектігін атап өтті. Оның айтуынша, мұның басқа баламасы жоқ.
Путин Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуін АҚШ-тың сәтсіз саясатының салдары деп санайтынын айтты.
Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль қақтығысы ондаған жылдар бойы аймақтағы шиеленіс пен қақтығыстардың көзі болып қала берді. БҰҰ-ның 1947 жылғы шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын белгіледі, бірақ тек Израиль мемлекеті құрылды. Израиль екі мемлекет қағидасымен келісім жариялағанымен, Палестина жерлерін толықтай босатқан жоқ.