Ресей референдум өткізуді бастады

0
325

​Барлық төрт өңірде дауыс беру 27 қыркүйекке дейін өтеді.


Ресей референдум өткізуді бастады

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясына субъектілер ретінде кіру туралы референдумдарда дауыс беру жұмада Донецк және Луганск халық республикаларында, сондай-ақ Херсон облысы мен Запорожье облысының "босатылған" аумақтарында басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Барлық төрт өңірде дауыс беру 27 қыркүйекке дейін өтеді.

"Тәуелсіз қоғамдық мониторинг" қауымдастығының атқарушы директоры Алена Булгакова Ресейлік қоғамдық ұйымдардың, Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясының және аймақтардың бақылаушылары, сондай-ақ басқа елдердің өкілдері бес күн бойы референдумның барысын қадағалап отырады деп хабарлады.

"Біз сараптамалық мониторинг жүргізіп, референдумға қатысушылар құқықтарының сақталуын қадағалайтын боламыз. Бізде Донецк және Луганск халық республикалары, Запорожье және Херсон облыстарының аумақтарындағы азаматтық қоғам институттарымен байланыс бар, сондықтан әріптестерімізбен жедел ақпарат алмасуға мүмкіндік бар", – деді ол.

Қауымдастық мамандары сараптамалық қолдау көрсетеді. Референдумға қатысушылардан өтініштер қабылдайды, бақылаушылармен және куәгерлермен байланысады, порталда хабар таратады және өзекті ақпаратты жедел хабарлайды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының негізінде референдумдарды бақылау жөніндегі қоғамдық жағдай орталығы ашылады.