Ресей соғыс ардагерлеріне Қазақстаннан 17 есеге аз сыйақы төлейді

0
658

Ресейде 9 мамыр қарсаңында сыйақыны 33 мың ардагер алатын болса, Өзбекстан мен Қазақстанда олардың саны мыңға жуық.


Ресей соғыс ардагерлеріне Қазақстаннан 17 есеге аз сыйақы төлейді

ERNUR.KZ. Ресей Жеңіс күні қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне Қазақстан және Өзбекстанға қарағанда бірнеше есеге аз сыйақы төлейді, деп жазады centralasian.org.

Сәуір айының соңында Ресейдің Зейнетақы қоры 9 мамыр күні ардагерлер 10 мың рубль (60 мың теңге) көлемінде сыйақы алады деп мәлімдеді. Ал Өзбекстанда соғыс ардагерлері 10 млн сум немесе 500 мың теңге алады. Қазақстанда ардагерлерге бір миллион теңгеден сыйақы беріледі.

"Ардагерлерге берілетін сыйақының көлемі қаншалықты көп не аз деп ештеңе айта алмаймын", – деп мәлімдеді ТМД елдері институтының директор орынбасары Владимир Жарихин "Независимая газета" басылымына берген сұқбатында.

Znak.com порталы бұл соғыс ардагерлерінің санына байланысты болуы мүмкін деп санайды. Ресейде 9 мамыр қарсаңында сыйақыны 33 мың ардагер алатын болса, Өзбекстан мен Қазақстанда олардың саны мыңға жуық.

Екінші дүниежүзілік соғыс 75 жыл бұрын аяқталды. Қазір соғысқа қатысқандардың ең жасы 90-ға келген.

Биыл сәуір айының басында Ресей президенті соғыс ардагерлерін балағаттағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартатын заңға қол қойған. Бұл заң талаптарын бұзған адам кемінде бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.