Ресей Түркияға екі өрт сөндіру ұшағын жіберді

0
450

Техника Измир және Мұғла қалаларындағы ірі өртті сөндіруге жұмылдырылады.


Ресей Түркияға екі өрт сөндіру ұшағын жіберді

ERNUR.KZ. Ресей Президенті Владимир Путиннің нұсқауымен Түркиядағы орман өртін сөндіру үшін екі ұшақ жіберілді, деп жазады inbusiness.kz.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Түркияға елде орын алған орман өртімен күресуге көмектесу үшін екі be-200 амфибиялық ұшағын жіберді. Аталмыш ұшақтар өртті бақылау және анықтау үшін жердің көрінісін тарататын инфрақызыл жылу камераларымен жабдықталған.

Министрлікке тиесілі өрт сөндіру ұшағы Ресей Президенті Владимир Путиннің тапсырмасымен және Түркияның сұрауы бойынша Ростов-на-Донудағы Платов әуежайынан Түркияның Измир және Мұғла қалаларына жөнелтілді.
Бүгінде қатты ыстық салдарынан Түркияның бірнеше провинциясында орман өрті тіркелген.