Ресейде 10-нан аса мектеп пен бірнеше ауруханаға «бомба» қойылды

0
850

Жергілікті сағат 09:00-да(5:00 мәскеу уақытымен) кем дегенде төрт аурухана қойылған «бомбаға» байланысты эвакуацияланды.


Ресейде 10-нан аса мектеп пен бірнеше ауруханаға «бомба» қойылды

ERNUR.KZ. 28 қаңтар күні таңертең Барнауыл әкімшілігіне және мектептерге бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Хабар электронды пошта арқылы таратылған. Барнауылдың әкімшілігі және оннан астам мектепке «бомба қойылғаны» туралы хабарланған. Үш мектеп эвакуацияланып, балалар үйлеріне жіберілді. Бастауыш мектептердің бірі балабақшаға эвакуацияланды», - дейді қала әкімшілігінің өкілі.

Таратылған ақпараттарға қарағанда, Новоалтайск қаласындағы мектептерге де бомба қойылғаны туралы хабарланған. Нақты неше мектеп екені анықталып жатыр. Бұдан тыс, Новосібірде бомба туралы хабарға байланысты төрт аурухана эвакуацияланған. Өңірдің денсаулық сақтау министрі Константин Хальзовтың айтуынша, эвакуациялау әлі жүріп жатыр.

«Жергілікті сағат 09:00-да(5:00 мәскеу уақытымен) кем дегенде төрт аурухана қойылған «бомбаға» байланысты эвакуацияланды», - дейді Хальзов.