Ресейде 18-қабаттан құлаған ер адам 10 жастағы қыздың үстіне түсті

0
623

Ер адам анасымен бірге мектепке бара жатқан қыздың үстіне түскен.


 Ресейде 18-қабаттан құлаған ер адам 10 жастағы қыздың үстіне түсті

ERNUR.KZ. Санкт-Петербургте ер адам тұрғын үйдің 18-қабатынан құлап, 10 жастағы қыздың үстіне түскен. Оқиға 1 ақпанда болды, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы оқиға Приморск ауданындағы Комендантский даңғылында орын алған. Ер адам анасымен бірге мектепке бара жатқан қыздың үстіне түскен. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, ал қыздың аяғы сынып, ауруханаға жеткізілген.

Басылымның дерегінше, марқұм анасы және әйелімен бірге тұрған. Оқиға алдында ол жұмыс берушімен сөйлесу үшін балконға шыққан. Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам психиатрдың қабылдауына жазылған.

Приморск ауданының полицейлері бұл дерек бойынша тергеу бастаған. Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.