Ресейде апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағының экипажы түгел қаза тапқан

0
504

Ан-26 бортында алты адам болған.


Ресейде апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағының экипажы түгел қаза тапқан

ERNUR.KZ. Хабаровск өлкесінде Ан-26 ұшағы құлаған жерден экипаж мүшелері өлі табылды, олардың бәрі қаза болған, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мәскеу уақытымен сағат 10.55-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13.55) Ан-26 апат орнына алғашқы іздестіру тобы шықты. Экипаждың барлық мүшесі қаза болды, мәйіттері табылды", - деді агенттікке төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.

Хабаровск маңында жоғалып кеткен Ан-26 ұшағының сынықтары Большехехцир мемлекеттік табиғи қорығы жотасының жоғарғы жағында табылған.

Айта кетейік, Ан-26 ұшағы Ресейдің Хабаровск өлкесінде радардан жоғалып кеткен. Ведомство мәліметінше, Ан-26 бортында алты адам болған.