Ресейде бір топ журналисті трактор қағып кетті – видео

0
934

Трактор жүргізушісі рөлге ие бола алмаған.


Ресейде бір топ журналисті трактор қағып кетті – видео

ERNUR.KZ. Ростов облысында "Бизон-Трек-Шоу" жарысы кезінде бір топ журналисті трактор қағып кетті, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиғаның видеосы желіде жарияланды. Онда бар жылдамдықпен келе жатқан трактор трассадан шығып кетіп, бір топ операторды соққаны көрінеді. Ал олар жан-жаққа қашқан.


"Российская газета" басылымының мәліметінше, үшінші нөмірдегі трактор жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Оқыс оқиға салдарынан операторлардың камерасы мен керек-жарақтары ғана бүлінді.

"Олар көзтартарлық кадр жасаймын деп, дүниенің бәрін ұмытып, дөңгелектің астына түсе жаздайды. Абырой болғанда соққыны сонда жатқан бір мая пішен жеңілдетті", - дейді байқауды ұйымдастырушы Сергей Суховенко.