Ресейде дәрігерлер антиваксерлерді мәйітханаға шақырды

0
767

Мамандардың мұндай бастамасына Кремльдегілер қолдау білдірді.


Ресейде дәрігерлер антиваксерлерді мәйітханаға шақырды

ERNUR.KZ. Ресейде ковидтік ауруханалардың 11 бас дәрігері антиваксерлерге үндеу жасады. Олар вакцинация қажет екеніне көз жеткізу үшін екпеге қарсы азаматтарды қызыл аймақтар мен мәйітханаларға шақырды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мамандардың мұндай бастамасына Кремльдегілер қолдау білдірді.

Бас дәрігерлер өз үндеуінде қоғамдық пікір көшбасшылары үшін КВИ-мен жатқан науқастарға арналған реанимацияға және патологоанатомиялық бөлімшелерге, яғни мәйітханаларға экскурсия ұйымдастыруды ұсынады.

«Сіздерді қанша адам оқитынын және айтқандарыңызды тыңдайтынын ескере отырып, біз сіздерді қызыл аймаққа, реанимация мен ауруханалардың патологиялық бөлімшелерін аралатып көруге шақырамыз, ол үшін уақыт та табамыз. Мүмкін осыдан кейін сіздер өз ұстанымдарыңызды өзгертіп, адам өлімі азаяр. Сіздерді күтеміз», - делінген хатта.