Ресейде коронавирустан бір тәулікте 352 адам қайтыс болды

0
484

Бір тәулікте 22 572 адамнан коронавирус табылған.


Ресейде коронавирустан бір тәулікте 352 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ресейде кейінгі тәулікте коронавирустан 352 науқас қайтыс болды. Бұл туралы 15 қарашада инфекцияның таралуын бақылау және мониторинг жөніндегі жедел штаб Telegram-каналында мәлім етті, деп жазады Tengrinews.kz.

Штабтың мәліметтері бойынша, Мәскеуде 75, Санкт-Петербургте 41, Ростов облысында 14 өлім тіркелді. Жалпы, пандемия басталғаннан бері елде коронавирустан 33 186 адам көз жұмған.

Кейінгі тәулікте Ресейдің 85 аймағында 22 572 адамнан коронавирус табылған. Оның басым бөлігі Мәскеуде - 4 266 жағдай.

Елде пандемия басталғалы 1 925 825 адам COVID-19 жұқтырған.