Ресейде коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды

0
268

Жаңа штамм «цербер» деп аталады.


Ресейде коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды

ERNUR.KZ. Роспотребнадзор басшысы Анна Попова COVID-19-дың «Цербер» деген жаңа нұсқасы анықталғанын мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ресейде COVID-19 вирусының «цербер» нұсқасы тіркелді, деді қызмет басшысы инфекцияның жаңа нұсқаларының одан әрі таралуын жоққа шығармай.

Попова елде бесінші апта қатарынан COVID-19 ауруының азайғанын айтып, Ресейдегі коронавирус инфекциясының жағдайын басқаруға болатынын атады. Оның айтуынша, коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізу жоспарда жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанда да індетке шалдыққандар саны азайып келеді. Қазақстанда өткен тәулікте 7 адамның коронавирус шалдыққаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 11 адам КВИ пневмониясына шалдыққан.