Ресейде Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары арасында жаппай төбелес болды

0
538

Ресей Федерациясындағы Қырғызстан елшілігінің кеңсесі зардап шеккендермен жедел байланыс орнатты.


Ресейде Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары арасында жаппай төбелес болды

ERNUR.KZ. Ресейдің құқық қорғау органдары Иркутск облысында Қырғызстан мен Тәжікстанның 500 азаматы арасында болған жаппай төбелес фактісі бойынша жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр, деп жазады inform.kz.

Оқиға 23 маусымда Жигалов ауданының Ковыкты газ конденсаты кен орнында болған.

Ресей Федерациясындағы Қырғызстан елшілігінің кеңсесі зардап шеккендермен жедел байланыс орнатты.

Қырғыз Республикасының 5 азаматы әртүрлі дәрежеде жарақат алды, оның біреуі ауруханаға жатқызылды.

Иркутскідегі елшілік кеңсесінің консулы Қырғызстан азаматтарына консулдық-құқықтық көмек көрсету және жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізу үшін оқиға орнына барды.

Бұл мәселе Ресей Федерациясының Иркутск қаласындағы Қырғызстан елшілігі кеңсесінің бақылауына алынғаны өтілді.