Ресейде оқ-дәрі шығаратын цехтағы жарылыстың видеосы жарияланды

0
623

Видеода жұмысшылардың қапты арқалап бара жатқандары, жарылыс болған сәтте платформадан секіріп, қашуға тырысқандары көрінеді.


Ресейде оқ-дәрі шығаратын цехтағы жарылыстың видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Рязань облысында (Ресей) оқ-дәрі шығаратын цехта жарылыс болар алдындағы сәттің видеосы желіде пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Видеода жұмысшылардың қапты арқалап бара жатқандары, жарылыс болған сәтте платформадан секіріп, қашуға тырысқандары көрінеді.

Өрт 22 қазанда Шиловский ауданындағы Лесное ауылындағы шеберханада болды. РФ Төтенше жағдайлар министрлігі өрт туралы ақпарат 8:22-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:22) түскенін хабарлады. Цехтағы өртке жарылыс себеп болды. 16 адам қаза тапты.