Ресейде соңғы аптада коронавирус 49% өршіді

0
601

Вирустан 10 адам қайтыс болды.


 Ресейде соңғы аптада коронавирус 49% өршіді

ERNUR.KZ. Ресейде соңғы аптада коронавирусқа шалдыққандар саны - 49,2%, ал ауруханаға жатқызылғандар саны 39,6% өсті. Бұл туралы журналистерге инфекциямен күрес жөніндегі федералды жедел штабтан хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Елдің 52 аймағында вирус белгісімен ауруханаға жатқызылғандар саны күрт өскен, ал 65 өңірде қауіпті вирус жұқтырғандар саны артты.

Штаб мәліметінше, бір апта ішінде 4509 адам жазылып шықты. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 23,4%-ға көп.

Осы кезеңде елде вирустан 10 адам қайтыс болды.

Жалпы, Ресейде пандемия басталғаннан бері аталған инфекцияның 22 995 765 жағдайы тіркеліп, 22 446 519 адам сауығып шықты, 399 999 адам қайтыс болды.