Ресейде сырғанақта ойнап жүрген бала кәріз құдығына құлап кетті

0
525

Оқыс жағдай Санкт-Петербург маңындағы Отрадное қаласындағы аулада болған.


Ресейде сырғанақта ойнап жүрген бала кәріз құдығына құлап кетті

ERNUR.KZ. Ресейде дөңгелекпен сырғанап жүрген бала кәріз шұңқырына түсіп кетті. Құтқарушылар сәбиді алып шықты, деп жазады zakon.kz.

Оқыс жағдай Санкт-Петербург маңындағы Отрадное қаласындағы аулада болған.

SHOT Telegram арнасының жазуынша, құтқарушылар әлгі баланы шұңқырдан шығармақ болып әуреленіп жүргенде, қалған балалар сырғанақ теуіп жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, бала ауыр жарақат алмаған.