Ресейде тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны ең жоғары көрсеткішке жетті

0
502

Бір тәулікте 20 мың адам коронавирус жұқтырған.


Ресейде тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны ең жоғары көрсеткішке жетті

ERNUR.KZ. Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 20 582 адамға жетті. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген елдегі ең жоғары көрсеткіш. РФ-да індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 733 440 адамға жеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметі бойынша өсім 1,2%-ға артқан.

Бір тәулікте жазылып шыққан ресейліктердің саны 16 955 адамға жетті. Елде жалпы 1 296 124 пациент сауығып шыққан. Бұл барлық вирусқа шалдыққандардың 74,8%-ын құрайды.

Ресейде коронавирустан бір тәулікте 378 адам көз жұмған. Инфекциядан жалпы 29 887 пациент қайтыс болған.