Ресейде террорлық қауіптің жоғары деңгейі жарияланды

0
563

Бұл режим 25 сәуірге дейін сақталмақ.


Ресейде террорлық қауіптің жоғары деңгейі жарияланды

ERNUR.KZ. Ресейдің Украинамен шекаралас бірнеше аймағында террорлық қауіптің жоғары деңгейі жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл айрықша режим 25 сәуірге дейін сақталмақ. Оған дейін адам көп жиналған жерлерге бармау, үнемі құжатпен жүру, сондай-ақ күдікті адамдар мен көліктер туралы бірден хабарлау қажеттігі айтылды. Аталған облыстар аумағына бақылау бекеттері орнатылып, полиция мен әскер кезекшілік етеді.

Билік мұндай шаралар шекаралық аудан тұрғындарын қорғау мақсатында қолға алынды деп отыр.