Ресейде украиналық сарбаздар мінген ұшақ апатқа ұшырады

0
666

Ұшақ құлаған жерде төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, қорғаныс министрлігінің комиссиясы мен облыс губернаторы Корочан ауданына аттанды.


Ресейде украиналық сарбаздар мінген ұшақ апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Белгород облысында тұтқындармен алмасу үшін тасымалданған 65 украиналық сарбаз, экипаж және онымен бірге ілесетін адамдар мінген Ил-76 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады, деп жазады sputnik.kz.

"Жоспарлы рейс кезінде Белгород облысында Ил-76 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта тұтқын алмасу үшін Белгород облысына жеткізілген Украина қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 әскери қызметкері, ұшақтың алты экипаж мүшесі және үш ілеспе адам болған", - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, апаттың себептерін анықтау үшін апат орнына Ресей әскери-ғарыш күштерінің комиссиясы аттанды.
Сонымен қатар, Корочан ауданындағы апат орнына өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері мен полицейлер барды, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.
Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзінің Telegram арнасында оқиға орнына өзі де барғанын хабарлады.