Ресейдегі автобус апаты: зардап шеккендер арасында қазақстандық бар

0
561

​Ресейде қалааралық автобус жүк көлігімен соқтығысқан кезде қазақстандық жарақат алды.


Ресейдегі автобус апаты: зардап шеккендер арасында қазақстандық бар

ERNUR.KZ. "Әйелдің жағдайы жақсы, қазір дәрігерлердің бақылауында", - деп жазады Sputnik Қазақстан.

Апат салдарынан 2 адам қаза тауып, 5 жолаушы жарақат алды.

Еске салсақ, бүгін Алтай өлкесінің Рубцовский ауданында А-322 федералдық тасжолының 267-ші шақырымында жүк көлігі мен Новосібір-Семей бағытындағы қалааралық автобус соқтығысты.
Алтай аймағының прокуроры аудандық прокуратураға тексеріс ұйымдастыруды тапсырды.