Ресейге Уханьнан эвакуацияланғандар арасында қазақстандық бар

0
711

Эвакуацияланғандар қатарында кішкентай балалар бар


Ресейге Уханьнан эвакуацияланғандар арасында қазақстандық бар

ERNUR.KZ. Ресей билігі Уханьнан 147 адамды эвакуациялады. Вирус ошағына айналған қаладан шығарылғандар қатарында Қазақстан мен Украина және басқа да мемлекеттердің азаматтары бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

РФ вице-премьері Татьяна Голикова осыған дейін ӘҒК бортында Қазақстан Республикасының бір азаматы болатынын айтқан.

Сондай-ақ, ол келіп жеткендердің барлығы 14 күнге карантинге жіберілетінін мәлімдеген.

Түменге жақын орналасқан медициналық мекеме эвакуацияланған адамдарды қабылдауға дайын. Ресей Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың сөзінше, қажетті құралдар мен дәрі-дәрмектер де әзір. Ал медициналық қызметкерлер 24 сағаттылық кезекшілік жүргізбек ниетте.

Ресей әскери-ғарыштық күшінің 2 ұшағы Уханьға азаматтарды эвакуациялау үшін жіберілген.

Көрші мемлекетке жеткізілетіндер қатарында Беларусь Республикасының 10 азаматы, үш қазақстандық және Әрмения мен Украинаның бір азаматы бар деп хабарлайды телеарна тілшілері.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқаты саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметте хабарлағандай, аурудың клиникалық белгілері бар адамдар Ухань қаласынан шыға алмайды. Сондықтан, бортқа тек сау адамдар ғана отырған.

Эвакуацияланғандар қатарында кішкентай балалар бар