Ресейлік азамат балабақшаға кіріп оқ атқан: Төрт адам мерт болды (видео)

0
564

Қаза болғандар арасында екі бала бар.


Ресейлік азамат балабақшаға кіріп оқ атқан: Төрт адам мерт болды (видео)

ERNUR.KZ. Ресейдің Ульяновск облысы Вешкайме ауылындағы балабақшаға белгісіз ер адам кіріп, оқ атқан. Салдарынан 5 және 6 жастағы бүлдіршіндер мен тәрбиеші мерт болды, деп жазады Stan.kz.

Ер адам өз-өзін атып тастаған. Оның мәйіті балалар болған бөлмеден табылған. Әзірге мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.

Күдікті балабақшаға балалар ұйықтап жатқан кезде кіріп, Иж-27 қаруынан оқ атқан. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.