Ресейлік олигархтар Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды

0
577

Президент Владимир Путин айналасындағы магнаттардың бірі Олег Дерипаска 7 наурызда Твиттерде Украинадағы соғыс тез тоқтауы тиіс деп жазды.


Ресейлік олигархтар Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды

ERNUR.KZ. Батыс санкциясының салдарынан көп қаражатын жоғалтқан Кремльге жақын ресейлік миллиардерлер Украинадағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, соғысты тоқтатуға шақырды, деп жазады azattyq.org.

Президент Владимир Путин айналасындағы магнаттардың бірі Олег Дерипаска 7 наурызда Твиттерде Украинадағы соғыс тез тоқтауы тиіс деп жазды.

"Бейбітшілік тез орнауы тиіс, біз қайта оралмайтын нүктеден өтіп кеттік... Тұтас әлем басқа болады, Ресей басқа болады" деп жазды ол.

Тағы бір магнат Владимир Лысин 7 наурыз Новолипецк қаласындағы болат өндіретін зауыт жұмысшыларына арнап жазған мәлімдемесінде "Украинадағы қантөгіс – трагедия, оны ақтау қиын" деп жазды. Новолипецк металлургия комбинатының басшысы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырып, соғыс жақын арада аяқталады деп үміттенетінін жеткізді.

Ресейлік кәсіпкер Олег Тинков 6 наурызда өзінің миллиардерлер қатарынан шығып қалғанын, санкцияға байланысты көп қаражаттан айырылғанын хабарлады. Ол журналистерге енді бұдан былай өзін олигарх деп атамауды өтінген.