Ресейлік сот Каспий құбыр желісінің жұмысын тоқтатып тастады

0
740

​Новороссийскінің Приморский аудандық соты экологиялық бұзушылықтарға байланысты Каспий құбыр консорциумының (КҚК) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.


Ресейлік сот Каспий құбыр желісінің жұмысын тоқтатып тастады

ERNUR.KZ. Консорциум қызметі 5 шілдеден бастап 30 тәулікке тоқтамақ. Компания бұл шешімге шағымдануға ниетті, деп жазады ulysmedia.kz.

Ространснадзор 6 мамырда "КҚК-Р" ақ жоспардан тыс көшпелі тексеру жүргізгенін, нәтижесінде мұнайдың апаттық төгілуін жою жоспары бойынша бірнеше құжаттық бұзушылықтарды анықтағанын хабарлады. Ростехнадзордың Оңтүстік теңіз және өзен бақылауы басқармасы терминалдың қызметін 90 күнге тоқтата тұруды талап етіп, сотқа жүгінді. Компаниялар анықталған бұзушылықтарды 30 қарашаға дейінгі мерзімде жою туралы нұсқама берді.

Бірақ мерзімнің аяқталуын күтпей, Ространснадзордың Оңтүстік басқармасы КҚК жұмысын 90 күнге тоқтата тұруды талап етті. Сот 5 шілдеде талапты ішінара қанағаттандырды — компания қызметін 30 тәулікке шектеді.

Каспий құбыр консорциумы Ресей Федерациясының құқықтық алаңы аясында жұмыс істейді және сот шешімін орындауға мәжбүр. Шешімге шағым жасалады, – делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Каспий құбыр консорциумы – Қазақстаннан экспортқа мұнай тасымалдаудың негізгі бағыты. Құбырдан алынған шикізат Новороссийск маңындағы теңіз терминалы арқылы танкерлерге жіберіледі. 2021 жылы 60,7 млн тонна мұнай жөнелтілді (Қазақстаннан 53 млн тонна). Негізгі акционерлер: Ресей (31%), Қазақстан (20,75%), Chevron (15%), ЛУКОЙЛ (12,5%), Exxon (7,5%), Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited (7,5%).