Ресейлік «Яндекс» компаниясы сатылып кетті

0
282

Мәміле сомасы 475 миллиард рубльді құраған.


Ресейлік «Яндекс» компаниясы сатылып кетті

ERNUR.KZ. Компания жеке инвесторларға сатылған, деп жазады ulysmedia.kz.

Yandex N. V. ресейлік "Яндекс" IT-компаниясын жеке инвесторлар тобына сатқаны белгілі болды.

Мәміле сомасы 475 миллиард рубльді құраған.

31 шілдеге дейін компания атауын өзгертіп, "Яндекс" брендтерін пайдалануды тоқтатады.

– Яндекс іздеу, қалалық, ойын-сауық және білім беру қызметтерін, сондай-ақ бұлтты технологияларды, автономды автомобильдерді, жасанды интеллект технологияларын және басқа да перспективалы бағыттарды дамытуды жалғастырады, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Яндекс" компаниясы серверлерді Қазақстанға көшірген болатын.

"Яндекс.Такси" қызметіне пайдаланушылар көптен бері шағымданып келеді. Ауа-райының шамалы өзгеруімен немесе ең жоғары уақытта таксидің құны бірнеше есе қымбаттайды. Такси жүргізушілері компанияның алатын жарнасына да наразы.