Ресейлік ЖОО-да атыс шықты: студенттер терезеден секірген (видео)

0
631

Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секіріп жатыр.


Ресейлік ЖОО-да атыс шықты: студенттер терезеден секірген (видео)

ERNUR.KZ. Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секіріп жатыр. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушылар мен мұғалімдердің кейбірі, ғимараттан шығып үлгерген, ал басқалары сыныптарда жасырынған.

Алдын ала ақпарат бойынша, екі адам зардап шеккен. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

59.RU басылымы мәліметінше, оқу орнының баспасөз қызметі атыс болғаны туралы ақпаратты растаған.

"Ер адам травматикалық қарудан оқ атқан, бір адам зардап шеккен. Ол басынан жараланған, бірақ есін біледі. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Назар аударыңыз, видеода былапыт сөздер айтылады!