Ресей әлемнің жаңа картасын жасайды

0
2 043

РФ-ның территориясындағы географиялық объектілердің атаулары дұрыс жазылған жаңа әлем картасы шығады деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ресей әлемнің жаңа картасын жасайды

фото: volbusiness.ru

РФ-ның территориясындағы географиялық объектілердің атаулары дұрыс жазылған жаңа әлем картасы шығады деп хабарлайды ERNUR.KZ Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей президенті Владимир Путин Росреестрге және Орыс географиялық қоғамдастығына Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып әлемнің жаңа географиялық атласын жасауды тапсырды.

«ОГҚ-мен бірлесе отырып жаңа географиялық атлас жасап шығару қолға алынбақ. Росреестр мен Орыс географиялық қоғамдастағына аталған атласты жасап шығаруға тапсырамын», - деді Путин ОГҚ отырысында.

Оның сөзінше, әлемге тарихи және географиялық шындықты жеткізу - кез келген мемлекеттің міндеті.

«Топонимика саласы, яғни географиялық объектілердің атауы ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Бүгінгі жағдайда бірнеше ғасыр бұрын берілген орысша атаулар әлем картасынан ысырылып жатыр. Әсіресе, бұл жағдай Антарктидада байқалады. Континентті ашқан Лазарев пен Беллинсгаузендер берген атаулар қолданыстан шығып қалған», - деді Ресей президенті.