Ресейде қазақстандық азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
1 133

​Екатеринбургтен Пхукетке бағыт алған ұшақ ішінде жанжал шығарған қазақстандыққа қатысты Ресейде қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz РФ Тергеу комитетінің орталық тергеу басқармасының сайтына сілтеме жасап.


  Ресейде қазақстандық азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

фото: ашық дереккөзден

Екатеринбургтен Пхукетке бағыт алған ұшақ ішінде жанжал шығарған қазақстандыққа қатысты Ресейде қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz РФ Тергеу комитетінің орталық тергеу басқармасының сайтына сілтеме жасап.

"2018 жылдың 19-20 ақпан аралығы Қазақстан Республикасының азаматы "Азур эйр" рейсінде жолаушы болып отырып, мас күйде былапыт сөздер айтып, өзге жолаушылармен және жолсеріктермен жанжал шығарған. Экипаж мүшелері мен жолаушылардың ескертулерін елемеген, осы арқылы кейінгілердің қауіпсіздік үшін алаңдаушылығын тудырған", - делінген хабарламада. Қазақстандық РФ ҚК-нің 13-бабының 1-тарауының "в" тармақшасы бойынша қылмыстық іс жасады деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс қозғалды.